Қазақстанда «аналар күні» мен «әкелер күні» атап өтіледі
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бастамасымен Қазақстандағы мереке күндерінің тізбесі Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерімен толықтырылды.
Қазақстанда мереке күндерінің күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізілді. Құжатқа Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды.
Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту және тәрбиелеу үшін атап өтілетін «аналар күні» мен «әкелер күні» ресми мерекелері біздің елімізде де бекітілген: «аналар күні» мамырдың екінші жексенбісінде, «Әкелер күні» маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.