Ғалымдар инфарктың болу ықтималдылығы жоғары күнді анықтады
Британдық ғалымдардың зерттеулері бойынша инфаркт аптаның басқа күндеріне қарағанда дүйсенбі күні жиі кездеседі. Зерттеу дүйсенбіде инфаркт ықтималдығы күткеннен 13% жоғары екенін көрсетті.
Белфаст Денсаулық сақтау және әл-ауқат қорының және Ирландиядағы корольдік хирургтар колледжінің дәрігерлері Ирландия аралындағы 10 528 науқастың деректерін талдады. Бұл науқастар 2013-2018 жылдар аралығында инфаркттың ең ауыр түрімен — үлкен коронарлық артерияның толық блокадасы кезінде пайда болатын ST сегментінің жоғарылауымен миокард инфарктісімен ауруханаға жатқызылды.
Зерттеушілер жұмыс аптасының басында ST сегментінің жоғарылауы әсерінен инфаркттың болу қаупі да еселенетінін күн – дүйсенбі деген түйінге келді. Манчестердегі Британдық жүрек-қан тамырлары қоғамының конференциясында ұсынылған нәтижелерге сәйкес, жексенбіде күтілгеннен де жоғары көрсеткіштер байқалды. Ғалымдар бұл көбінесе дененің ұйқы немесе ояну цикліне байланысты деп пайымдауда.
Ұлыбританияның жүрек қорының мәліметі бойынша, Ұлыбританияда жыл сайын ST сегментінің жоғарылауымен миокард инфарктісіне байланысты шамамен 30 000-нан астам адам ауруханаға жатқызылады.
Британдық жүрек қорының медициналық директоры, профессор Нилеш Самани: "Әр бес минут сайын жүрек талмасы бойынша бір пациент ауруханаға жатқызылады. Сондықтан Әлі күнге дейін инфаркттың қалай және не үшін болатынын анықтау үшін зерттеулер жүргізілуде. Бұл зерттеу әсіресе ауыр инфаркттардың уақыты туралы деректерді толықтырады" деп қосты.