Алматыдан 650 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
ҚР ТЖМ "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі маусымның 7-і, сағат 03:54-те жер сілкінісі тіркелгенін хабарлайды.
Эпицентр Алматының оңтүстік-батысқа қарай 650 км жерде Тәжікстан аумағында орын алған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.6. Ал MPV магнитудасы 4.8-ге жеткен. Эпицентрдің координаттары 37.97° с.е. 73.47° ш.б. Тереңдігі 35 км.