Қостанай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жәбірленушілерге 36 млн теңгеге жуық қаржы қайтарды
Қостанай облысының аумағындағы "Qnet LTD" құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті Қостанай қаласында азаматтарды "Qnet LTD" Қаржы пирамидасына тарту үшін кеңсе ашып, жеңіл табысқа белсенді жарнама жасады. 30-дан астам адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды.
Күдіктінің қылмыстық ісін тергеу барысында жәбірленушілерге 36,5 млн теңгеден астам көлемде залалды толықтай өтеді. Тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды.
"Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз", - деп атап өтті ведомствода.