Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Qlife.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Тамара Босымбекққызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», - делінген Жарлықта.
Айта кетсек, осыған дейін Алтай Сейдірұлы Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген Жарлықта.