Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды

Қазақстандықтардың арызынан кейін  Air Astana компаниясынан заң бұзушылықтар табылды. Негізігі себеп, билет бағасының қымбаттығында және сұраныс кезіндегі тарифтің көтерілуінде.

Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды.

«2023 жылдың 8 маусымында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты Эйр Астанаға қатысты 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жасаған хабарламада.

3