12 маусым - Абай облысында өрт салдарынан қаза тапқандар үшін Жалпыұлттық аза тұту күні
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей орманы" табиғи резерватында жаппай өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз. Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады. Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз», – деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, маусымның 8-інде Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 га алаңда ағаштар өртеніп бастады. Сонымен қатар, үш өңірден құтқарушылар орман өртін сөндіруге көмек көрсету үшін жіберілді. Өрттің қамтыған ауданы қазіргі мәліметтер бойынша 60 000 гектардан асады.
Абай облысында өрт кезінде 14 орманшы қаза тапты. Облыстағы өрттің салдарынан 316 адам эвакуацияланды. Өрт салдарынан эвакуацияланған тұрғындар үшін Семейде 9 пункт дайындалды.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-13 маусымға жоспарланған Вьетнамға ресми сапарын кейінге қалдырды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Абай саласындағы өрттерге қарсы іс-қимыл жасау, апат ауқымының өсуін болдырмау және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды. Үкіметте Абай облысындағы өртті жою шаралары талқыланды.
Бұған дейін Абай облысында өрт кезінде қаза тапқандардың тізімі жарияланған болатын.
Тілсіз жаумен күресіп жатқан мамандар өртті сөндіру жел мен ыстыққа байланысты өртті жеңу қиынға түсіп жатқанын хабарлады.