Еңбек министрлігі 352,6 мың қазақстандыққа жұмысқа орналасуға көмектесті

Маусымның 1-індегі бойынша деректерге сүйенсек,  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 352,6 мың адам қамтылды. 233,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 100,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 133 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 14,6 мың; жастар практикасына – 8,6 мың; қоғамдық жұмыстарға – 94,8 мың; "Бірінші жұмыс орны" жобалары бойынша – 3,9 мың, "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары бойынша – 140 адам, "Күміс жас" жобалары бойынша - 11 мың адам.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытумен 25,2 мың адам қамтылды, оның ішінде 22,8 мыңы оқытуды аяқтады. "Бастау бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 88,3 мың адам білім алса, оның 66,7 мыңы сертификат алды. Қызмет саласын таңдау мақсатында 64,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан бері 2615 грант берілді.

2