Түркия үкіметі Қазақстандағы орман өрттерінде адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты
Түркия СІМ Абай облысында орман өртінің салдарынан қаза тапқан жандардың жақындарына көңіл айтты.
"Абай облысындағы өрттің салдарынан 14 орманшының қаза тапқаны туралы хабар қатты қыңжылтты. Бауырлас Қазақстан Үкіметіне көңіл айтамыз", - деп Түркия үкіметі Twitter-ге хабарлама жазды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының Үкіметіне және облыс әкімдігіне қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.