«Бурабай» курортының аумағында пикникке арналған 35 жаңа орын жабдықталды

Туристік маусым қарсаңында «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында пикникке арналған 35 жаңа орын жабдықталды, деп хабарлайды QLIFE.KZ Президент Іс басқармасының баспасөз бөліміне сілтеме жасап.

«Бурабай» курортының аумағында ас пісіретін ошағы бар алаңдары, үстелдері мен орындықтары, қауіпсіз от жағуға арналған барбекю аймағы бар 26 пикник аймағын және от жағатын орын қарастырылмаған 9 жаңа қосымша орынды жайластыру жұмысы аяқталды.

Мұндай аймақтарды құрғандағы мақсат – сонымен қатар әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ұлттық паркте өркениетті демалысты ұйымдастыруға жүйелі, ойластырылған түрде жақындау. Мәселен, Үлкен және Кіші Шабақты көлдерінің жағалауларында іс пісіруге болатын мүмкіндік беретін демалыс орындары бар. Орындықтары бар, пикник үстелдері, ыңғайлы барбекюі бар ашық, жабдықталған жерлерде туристер демалуға мүмкіндік алып отыр. Адамдар лас, қоқыс шашылып жатқан жерді ожан сайын бүлдіре береді.  Ал үнемі таза тұратын, қоқысты жинап жүруге шақыратын белгі бар жерде олар тазалық сақтауға тырысады.

2306131216560287g

Айта кету керек, ормандағы өрт қауіпсіздігін Smart National Park Burabay жүйесі бақылайды. Ол ұлттық саябақтың бүкіл аумағын – 129 мың гектардан астам жерді алып жатқан қорықты «көреді». «Ақылды» жүйенің принципі медициналық томографқа ұқсайды: камера шеңбер бойымен қозғалып, әр айналымда көптеген фотосурет түсіреді. Содан соң қауіпті жерлерді қызыл контурмен белгілеп, жедел басқару орталығының пультіне сигнал жібереді.

Жаңа демалыс орындары Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты көлдерінің жағасында, сондай-ақ «Терраса парк» қонақүйінен «Ақбура» курортына дейін созылып жатқан велосипед жолының бойында орналасқан. От жағуға болмайтын, тек ат шалдыруға арналған жерлер «Айқұлақ» мүсінінен бастап «Абылай хан алаңына» дейінгі веложолдың бойында, «Кенесары үңгіріне» жақын маңда жабдықталған.

Нақты ақпарат картада көрсетілген. Таңдалған аймаққа бару үшін QR кодты сканерлеу керек.