Астанада шағын және орта бизнесті Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша семинар-кеңес өтті
Бүгін, Астанада өткен кездесуде шағын және орта бизнес өкілдеріне кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бизнесті қаржылай емес қолдау шаралары туралы айтылды.Мемлекет кәсіпкерлерге ұсынатын өзекті құралдармен кездесуге қатысушыларды Ұлттық экономика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, елорда әкімдігінің, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, «Даму» Қорының, Astana корпорациясының, «Аграрлық кредиттік корпорацияның», Kazakh Tourism, Kazakh Export компанияларының және қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері қатысқан іс-шараны «Атамекен» ҰКП жұмыспен қамту және шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаментінің басқарушы директоры Айдана Тоғызбаева ашып, келген қонақтарға алғысын айтып, өзекті мәселелерге тоқталатынын тілге тиек етті.
«Атамекен» ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті басшысының орынбасары Абай Мүслімовтің айтуынша бүгінгі іс-шара кәсіпкерлер мен кәсіп бастағысы келетін адамдарға арналған.
«Қазіргі таңда «Атамекен» ҰКП-да қаржылай емес қолдаудың бірнеше құралы бар. Сервистік қолдау, ақпараттық консультация және іскерлік байланыс. Мұндай құралдары біздің палата 2015 жылдан бері жүргізіп келеді. Облыс орталықтарында республикалық маңызы бар қалаларда 20 орталықта сервистік қолдау құралы бойынша қолдау көрсетеді. Сервистік қолаудың да 4 түрі бар. Бухгалтерлік, есептік консультация беру, заң және тендер рәсімдеу, бизнес жоспар дайындау және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру және сүйемелдеу болып саналады. Тағы қосымша ақпарат болсын, еліміз бойынша аудан орталықтарында 189 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары бар. Және мұнда тек кәсіпкерлерге ғана ақпарат бермей, кәсіп ашқысы келетін, ниеттеніп жүрген азаматтарға да көмек көрсетіледі. Бүгінгі шарада да осылай 50-ге жуық кәсіпкердің басын қосып, ақпараттық қолдау білдірсек деген ой».
Бухгалтерлік, салықтық, статистикалық есептілікті жүргізу мәселелері бойынша көмек, заң консультациялары, конкурстық рәсімдерде қолдау, екінші деңгейдегі банктерде қаржыландыру үшін құжаттарды дайындауды сүйемелдеу, бизнес-жоспарларды әзірлеу жөніндегі қызметтер тұрақты сұранысқа ие.
«Атамекен» ҰКП қолдауымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның қолданылу кезеңінде 5 544 шағын және орта бизнес субъектісі ашылып, жалпы сомасы 66,9 млрд теңгеге 6 320 жоба қолдау тапты. 6 494 жұмыс орны құрылды. «Атамекеннің» арқасында шетелдік серіктестермен 138,0 млн еуро сомасына 2 келісімшарт жасалды.
Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті директорының орынбасары Мерей Исаева қатысып, бүгінгі өткен шараның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен бизнес өкілдерінің арасындағы шаралардың жиі өтуіне себепші болу керектігін, кәсіпкерлердің сұрағына бүгінгі спикерлер жауап беретініне сенім білдірді.
«Қазіргі таңда мемлекеттен қолдау шаралары бар екенідігіне қысқаша тоқталып, статистикалық деректерді де қоса кеткім келіп отыр. Ұлттық экономика министрі бизнестің басты қолдаушысы ретінде 2 стратегиялық құжатпен жасалған. «2030 жылға дейін Шағын және орта бизнестің даму жолы» және «2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті дамыту» туралы ұлттық жоба. Тұжырымдама аясында 2030 жылға дейінгі басты мақсаттар айқындалған. Олар: ШОБ-тың ұлттық экономикадағы үлесін 40 %-ге дейін көтеру, орта бизнестің үлесін 25%-ке дейін көтеру, көлеңкелі экономиканың үлесін 12%-ке дейін түсіру, ШОБ-пен айналысатын адамдардың үлесін 5 млн-ға дейін жеткізу. Алдарыңызда тұрған статистика арқылы соңғы 10 жылдағы ШОБ туралы мәліметтерді ала-аласыздар. Статистикалық сәйкес ЖІӨ-нің ШОБ-тағы үлесі 18,6%-ке өсіп, жалпы 37,5%-ке жетті. ШОБ өнімдерінің шығарулы бес есеге дейін артып, шамамен 40 трлн теңгеге дейін жетті. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған ШОБ-тың саны 2 және 3 есеге өсіп, 1 900 000 субъектіге жетті. Сөзімнің басында айтқандай ұлттық жобаға қатысты айтқым келеді. Жоба қаржылық және қаржылық емес қызметтердің көп бөлігін қамтиді. Қаржылық қызметтер: Екінші деңгейлі банктер төмен процентпен кәсіпті субсидиялау, кредиттер бойынша кепіл сапасының бір бөлігін беру, жаңа идеяларға мемлекеттік гранттар беру. 2010 жылдан бері 93 мың жобаға субсидия беріліп, 6,8 трлн теңге жұмсалған. 55 мыңнан астам жобаға кепілдік берілген», дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті директорының орынбасары Мерей Исаева.
Жылдың басынан бері қаржылық қолдау бойынша 6000 мыңға жуық жобаға қолдау білдіріліп, 420 млрд теңгеге субсидия берілген. 4 мың жобаға 144 млрд теңге кепілдік кредит берілген. Сонымен қатар, Мемлекеттің қолдауымен 2010 жылдан бері кәсіпорындар 600 млрд теңге сақтап қалған. Бұл ақшалардың барлығы бизнестің дамуына жұмсалған. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қосымша бизнестің дамуы үшін жүйелі жұмыстар жасалуда. Кәсіптің даңғыл даму жолы мен ынталандыру жұмыстары үшін реттеуші реформа жүріп жатқаны белгілі. Осының арқасында ревизия нәтижесінде тиімсіз жобалар да жойылып жатыр. Қазірдің өзінде 44 мың бағыттың 5 мыңға жуық жүйесі актуалдылығын жоғалтты. Сонымен қатар, жүйелерді автоматтандыру жұмыстары істелініп, жасанды интеллекті де қолдануда.
Іскерлік байланыстар жобасы аясындағы «Бизнес тағылымдама» құралы туралы да ведомоства өкілі Мерей Исаева ақпарат беріп өтті. Сөз барысында ол жақын күнері Жапония еліне кәсіпкерлердің кеткенін айтты. Әлемге танымал JICA компаниясында техникалық байланыс орнататын болады.
«Жапониядан бөлек, біздің 20-ға жуық кәсіпкеріміз Германияға барды. Олар немістермен бірге әлемге танымал техникалық компанияда тағылымдамадан өткен болатын. Мұндай құралдар шет елдегі әріптестерімізбен қарым-қатынасты жақсартып, біздің елдегі кәсіпкерлердің білімін жетелей түсетініне сенімдімін. Тағылымдаманың ең басты ерекшелігі – біздің кәсіпкерлер шет ел әріптесерінен техникалық сатып алу, франшиза бойынша да серіктестік қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар, осы жылдың басынан бері «Мен кәсіпкермін» жобасы басталды», - дейді ұлттық экономика министрлік өкілі.
«Мен кәсіпкермін» жобасы арқылы былтырдан бастап Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының ауылдарындағы қыз-келіншектер қолдауға ие болып, өз өнімдерін шығаруға мүмкіндік алды. Осылайша, елде шағын кәсіпкерлікті қаржысыз да дамытуға болатыны байқалды. Бағдарлама кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына енгізілді. Оның «Кәсіпке бағыт –салалық оқыту», «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» және «Бір ауыл – бір өнім» атты бағыттары бар. Жобаның қыз-келіншектерге арналған бағыты әйелдер қауымын қуантары анық. McKinsey зерттеуінше, әйелдердің экономикаға ерлермен тең дәрежеде араласуы 2025 жылға таман әлемдік ішкі жалпы өнімге 28 трлн доллар қосып, 11-26% деңгейіне жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде ІЖӨ 9%-ке өсім көрсетуі мүмкін екен.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі де шағын және орта бизнестің ел экономикасында алар орнын атап айтып, мемлекет тарапынан істелініп жатқан істерді атап өтті. Олар: жастарды мамандандырылған курстардан өткізу, субсидияланған жұмыс орындары, еңбек өтілін енді бастаған жастарды жұмыспен қамтып, еңбек нарығында бағыт-бағдар беру.
Қазіргі таңда Астана қаласын «Кәсіпкерлер қаласы» деп атауға болады. Елордада шамамен 220 мыңға жуық ШОБ субъектісі тіркелген және онда 490 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Бұл қаланың 70%-і шағын және орта бизнес субъектілерінде қызмет атқарады.
Сонымен қатар, жиын барысында «Атамекен» ҰКП-ның тапсырысымен дайындалған кәсіпкерлерге арналған бейнероликтердің презентациясы өтті. Күнделікті өмірде туындайтын сұрақтардың жауабын табуға болатын бейнероликтер: «Тауар белгісін тіркеу тәртібі», «Мемлекеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидияларды қалай алуға болады?», «Қызметкермен еңбек қатынастарын қалай дұрыс рәсімдеу керек?», «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші», «Самрұқ-Қазына тобы ұсынатын бағаларды білу үшін қатысуға өтінімді қалай жасау керек?», «Тауарларға ілеспе жүкқұжатты рәсімдеу тәртібі», «Бизнеске ақша салуды шешсеңіз, нені білу маңызды», «Басым дақылдарға субсидияны қалай аламыз?» деген тақырыптарда болды.
Астана қаласының қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Ахметова Зарина 31 мамыр Республика бойынша алғаш рет Кәсіпкерлерге функционалдық қолдау көрсету орталығының ашылғанын айтты. Бұл халыққа қызмет көрсету орталығы мен екінші деңгейлі банктермен бірлесіп жасалған жоба. Кәсіпкерлерге фунционалдық қолдау көрсету орталығында сіз 950-ге жуық мемлекеттік қызметті ала аласыз. Егер сіз бұрын мемлекеттік органдар мен халыққа қызмет көрсету орталығы арасында жүрсеңіз, енді жаңадан ашылған орталыққа барып, «бір терезе қағидасы» бойынша барлық қызмет түрін аласыз. Бұл жобаның ерекшелігі.
Жиын барысында «Kazakh Tourism» АҚ-ның бас менеджері Дамир Елубеков бизнестің де туризм саласымен тұспа-тұс екенін айтты. Тәуелсіздік тарихында алғаш рет әрбір шет елден келген туристтер үшін тур операторларға 15 мың теңгеден төленетіні туралы да айта кетті.
«Туроператор белгілі бір шет ел турисіне тур сатты делік. Кейін туроператор өкілі келіп ҚР Мәдениет және спорт министрілігне өтінім береді. Өтінімде қай жерде тұратыны және «e-qonaq.kz» сайтында тіркелуін көрсету керек. Бұрын біз әуебилеттерін сұрайтынбыз, қазір оны алып тастадық. Өтінімді министрлік тарапынан құрылған арнайы комиссия қарайды және 40 күннің ішінде субсидия төленеді. Бұл максималды уақыт. Негізі бір немесе екі апта ішінде қаражат өтінім берген адамның шотына түсуі мүмкін», - дейді Дамир Елубеков.
Естеріңізге сала кетейік, туризм саласына субсидия былтырғы жылы алғаш рет бөлінген болатын. Жергілікті атқарушы орган туристік нысандар мен жол бойындағы қызмет көрсету нысандар құрылысы шығынының 10 пайызы, туристік автобустарды сатып алу бағасының 25 пайызы өтеліп, санитарлық-гигиеналық торапты күтіп-ұстауға ай сайын
83 300 теңге төлеу қаралған. Сонымен қоса «Кazakh tourism» ҰК» АҚ тарапынан балалардың әуе билетін 100% субсидияланады. Яғни, 17 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде тегін ұша алады. Аталған жоба ел ішінде демалысқа аттанған балалардың әуе билетін тегін алуына мүмкіндік береді. Ол үшін турпакет ішкі туризмде лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы тиіс, – деді басқарма басшысы. Ерлан Қыдыров бұл қолдаулардың туризм саласының дамуында көрсетілетін үлкен көмек екенін айтып, басқарма тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алуға мүмкіндігі бар азаматтарға ықпал жасалатынын айтты. Оған қоса Сайрам тұрғын алабындағы сакралды нысандардың туристік тартымдылығын арттыру ісі де қолға алынады. Шымкентте үлкен туристік орын құру мақсатында «Ескі қалашық» тарихи-мәдени кешені «Қазақстанның туристендіру картасының» ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген.
Шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау, оларға көмек көрсету кез-келген мемлекеттің негізгі бағыты. Өйткені, Дүниежүзілік банктің мәлімдеуінше, әлемдік бизнестің 90%-ін шағын және орта бизнес өкілдері құрайды. Сондықтан ел экономикасының өрлеуі үшін ШОБ-ты дамыту аса маңызды екенін айту керек.
Әзірлеген Нұрыш Нұрлан