Елордада балалар арасында қызылша ауруы тіркеле бастады
Қалада балалар арасында қызылша ауруы анықтала бастады. Астана қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлім бастығының орынбасары Жанна Пралиеваның айтуынша, ата-анасының қарсылығына байланысты науқас адамдардың барлығына екпе салынбаған.
Жанна Пралиеваның айтуынша, екпе салмау жұқпалы ауруға шалдығу мен өлімге әкелуі мүмкін.
«Биыл 2023 жылдың 13 маусымындағы жағдай бойынша, Астанада 34 бала қызылшамен ауырып, олардың ата-аналары жоспарлы (қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы біріктірілген) екпесінен бас тартты. Өкінішке қарай, ата-аналардың екпеден бас тартуы баланың денсаулығына ғана емес, жақындарына да қауіп төндіреді.
Астанадағы 58 тұрғын қызылша ауруын жұқтырды. Оның ішінде 48 бала, екпеден уақытша медициналық босатылған 9 бала, 34 немесе 71 пайызы ата-аналарының бас тартуына байланысты қызылшаға қарсы екпе алмаған.
Құрметті ата-аналар, жоспарлы профилактикалық екпелерден бас тартпауларыңызды сұраймыз, өйткені балаларыңыздың денсаулығы өз қолдарыңызда», - деді Жанна Пралиева.