Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзартыла ма?
ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Алтынбек Жамалиев елде жүрген көліктерді заңдастыру мерзімін ұзарту жайлы сұраққа жауап берді.
«Егер 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерсеңіз, онда бұл өтінішті қарауды жалғастыратынымызды атап өткім келеді. Яғни, дүрбелең жасаудың қажеті жоқ, әлі уақыт бар. Көлігіңізді заңдастыру үшін ең бастысы 1 шілдеге дейін өтініш беру керек», - деді Жамалиев өз сөзінде.
Бүгінде елімізде 177 мыңнан астам автокөлік тіркелгенін, оның 10 мыңға жуығы құрастырылған көліктер екенін түсіндірді.