Астанада Құрбан айт күні автобустар таңғы 5-тен жүреді
Астанада Құрбан айт мерекесіне орай қоғамдық көлік жұмысы әдеттегіден бір сағат ерте басталады, деп хабарлайды QLIFE.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Құрбан айт мерекесіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін 28 маусым күні қоғамдық көлік таңғы сағат 05:00-ден қатынай бастайды.
Ал 29 маусымда автобустар әдеттегі қозғалыс кестесі бойынша жүреді», - делінген мәліметте.
Еске салайық, Астанада құрбандық шалуға болатын орындар анықталды.
Орналасқан мекенжайлары:
«Жайлау» базары, Алаш тас жолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);
«Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);
«Шопан ата» базары, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
«Баракат» базары, А-369 көшесі, №10 ғимарат;
«Ұлжан» әмбебап базары, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары).