Қазақстандық оқушылар математикадан Балқан олимпиадасының медальдарын жеңіп алды
Албания астанасында математикадан 27-ші Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы (JBMO) аяқталды, оған Балқан түбегінің 20 елінен және қонақ елдерден 130-ға жуық оқушы қатысты.
Халықаралық математикалық жарыста Қазақстан құрама командасы 6 медаль жеңіп алып, 100% нәтиже көрсетті.
"Қатысушылар математикадан авторлық тапсырмаларды орындады. Оларды шешу үшін ерекше тәсіл қажет. JBMO-ға қатысу барлық қатысушылар үшін қысқа уақытта мәселелерді шешуде қабілеттерін тексеру үшін жақсы мүмкіндік", - деді топ жетекшісі Владимир Жук.
Естеріңізге сала кетейік, олимпиадаға 19 жыл ішінде 114 қазақстандық оқушы қатысып, барлығы 15 алтын, 47 күміс, 37 қола медаль жеңіп алды.