ҚР Жоғарғы Сотының судьялары сайланды
Парламент Сенатының депутаттары Жоғарғы соттың бес судьясын сайлауға дауыс берді. Олар Айтжанов Ерлан Жұмаханұлы, Әлжанов Ғабит Өмірханұлы, Исамберлиева Гүлмира Ғазизқызы, Құрманғалиев Нұрлан Қаскенұлы, Қосмұратов Ерлан Смадиярұлы болды.
Жоғарғы соттың бес судьясын сайлауға барлығы 10 кандидат ұсынылды.
ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипптың айтуынша, барлық үміткерлердің аудандық және облыстық деңгейлерде жұмыс тәжірибесі бар, соның ішінде бірқатар басшылық лауазымдарда жұмыс атқарған.
Дауыс беруден кейін жаңадан сайланған бес судья Палата алдында ант берді.