Эльдар Толғанбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

3 жаңалықЭльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университетін және Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихаты аппаратының бас маманы қызметінен бастаған.

2022 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.