Алғаш рет Серебрянск қаласының әкімі әйел адам болды
Серебрянск моноқаласының бүкіл тарихында алғаш рет оның басшысы әйел болды. Ол бұрын Парыгин ауылдық округінің әкімі болған Нұргүл Бақынова.
Нұргүл Асанова 46 жаста, Аягөз қаласының тумасы. 2020 жылға дейін педагогикалық қызметте сәтті және белсенді қызмет атқарды. Еңбек жолында 20 жыл бойы Шығыс Қазақстан облысының мектептері мен университеттерінде сабақ берді. Негізгі мамандығы бойынша соңғы жұмыс орны - Полянское ауылындағы орта мектептің директоры.
2020 жылдың маусым айында Парыгин ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды. Ағымдағы жылы Серебрянск басшысы лауазымына өз кандидатурасын ұсынды.
Серебрянск қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 5 426 сайлаушы енгізіліп, олардың 3 443-і дауыс берді. Көпшілік дауысы бойынша Нұргүл Асанова үстем түсті.