Абай облысында 10 тонна битум өртенді
Бүгін "101" пультіне Ақсуат ауданы Шыбынды ауылындағы асфальт зауытында битум жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер зауыт аумағында жалпы көлемі 10 тоннаны құрайтын битумы бар 3 бөшке жанғанын анықтады.
Өрт сөндірушілер отпен күресіп, көбікпен өртті жарты сағат ішінде жойды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.