АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті мен Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Американың қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетика, инвестиция тарту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің және екі ел халықтары арасындағы қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы өз жеделхатында Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен өзара байланысын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық саладағы ынтымақтастықтың одан әрі табысты дами беретініне сенім білдірді.