Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған, - деп хабарлайды Qlife.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ауа райы болжамына сәйкес шілденің 10-ы қолайсыз метеорологиялық жағдай – ауаның ластануы Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында күтіледі. Бұл қалаларда метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың, атап айтсақ тынық, жеңіл жел, тұман, инверсия жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

mak 3