Қазақстандық боксшы ресми түрде чемпион атағынан айырылды

Экс-әлем чемпионы Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО) енді жартылай орта салмақтағы дивизионда WBC Silver титулының иегері емес. Дүниежүзілік бокс кеңесінің жаңартылған рейтингіне сәйкес, WBC-дің "күміс" атағы бос. Липинецтің өзі, дәреже кестесінің алдыңғы шығарылымында жетінші орыннан 13-ші орынға түсті.

Сергейдің жекпе-жегі былтыр тамыздың 20-ы АҚШ-тың Флорида штатының Голливуд қаласында өтті. Онда ол америкалық Кіші Омар Фигероаның (28-3-1, 18 КО) сегізінші раундында мерзімінен бұрын жеңді.

Сергей Липинец Қазақстанда дүниеге келген, ал бала кезінде ата-анасымен бірге Ресейге көшіп, рингте осы елдің атынан шыққан. Жақында Липинец әлемдік ұйымдардың рейтингтерінде және BoxRec.com сайтында ҚР өкілі ретінде тізімге ене бастады. Боксшының өзін қазақпын, руым – уақ, - деп айтты.

2