Қазақстандықтар қандай көліктерді көп сатып алады?
Қазақстанда жаңа автокөліктердің ең танымал брендтерін отандық Chevrolet және Hyundai зауыттары шығарады, олардың сатылымы жалпы көлемнің жартысынан көбіне тең: Chevrolet – 17,6 мың және Hyundai – 17,4 мың автомобиль. Қазақстанда құрастырылған брендтің сатылымы бойынша алғашқы үштікті Kia маркалы көлігі (бес айда 9,9 мың жаңа көлік) аяқтап тұр.
Биыл ең танымал брендтердің ондығына қытайлық бес марка кірді: Chery (3,4 мың автокөлік), Haval (2,1 мың), Exeed (1,7 мың), Changan (1,6 мың) және Jac (1,5 мың). Сондай-ақ сатылымдардың басында Toyota (3,2 мың автокөлік) мен Lexus (1,4 мың).
"Қазақстанда көлік сатып алуға қатысты жағдай бүкіл әлемге қарағанда жақсырақ. Биылғы қаңтар-мамыр айларында 66,3 мың жаңа автокөлік сатылды. Бұл 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 65,8 пайызға артық", – деп Finprom.kz хабарлады.