Алматы әкімі қызметтен кетуі туралы сұраққа жауап берді
Тұрғындармен кездесулердің бірінде Алматы әкімі қызметтен кетуі туралы сұрағына жауап берді.
Ерболат Досаев қалада 2 миллионнан астам адам тұратынын, ал петицияға бірнеше мың адам, оның ішінде тегі мен ЖСН жоқ адамдар қол қойғанын атап өтті.
"Мен қол қойған петицияны көрдім, оның ішінде өз деректерін жазбаған адамдардың тізімін көрдім. Бұл жерде боттардың қатысы болуы мүмкін. Біз жұмыс істеп жатырмыз, көтерілген мәселелерге назар аударамыз. Қала - тірі организм, күн сайын бір нәрсе болады. Әкім ретінде мен үшін сіздің пікіріңіз маңызды. Бірақ мені бұл лауазымға мемлекет басшысының шешімімен тағайындалдым", - деп жауап берді Алматы әкімі.