Астанада түнгі автобустар іске қосылуы мүмкін бе?
Астана әкімдігінде тұрақты түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарланбайды.
"Біз CTS компаниясымен бірлесіп жұмыс істейміз. Біз қызмет көрсететін барлық маршруттарды, сондай-ақ жолаушылар ағынын қарастырамыз. Бүгінгі таңда түнгі маршруттарды іске қосу орынды деп санамаймыз, өйткені жолаушылар ағыны үнемі болмайды, сонымен қатар бұл шығынға әкелуі мүмкін", - деді "1 Автобус паркінің" басқарма төрағасы Медет Шакаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Астанада 200, 201 түнгі экспресс-маршруттардың қозғалысы тоқтатылды.
Сонымен қатар, былтыр қасиетті Рамазан айында елордада түнгі уақытта тегін автобустар жүрді.