ШҚО әкімінің бірінші орынбасары ҚР Президенті Әкімшілігіне жаңа лауазымға тағайындалды
ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев ҚР Президенті Әкімшілігіне мемлекеттік инспектор қызметіне тағайындалды.
Айта кетсек, Алмасхан Бауыржанұлы 2009 жылдан 2012 жылға дейін Мәскеудегі бизнес-құрылымдарды басқарды. 2012-2014 жылдары РФ Мәскеу қаласы Еуразиялық экономикалық комиссияда кеңесші қызметін атқарды. 2016-2018 жылдар аралығында ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымында болды. 2018-2020 жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ал 2020 жылдан бастап бірінші орынбасары қызметін атқарды.