10 жылда алғаш рет Қазақстанға көшкеннен гөрі көп адам келді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова республикамызға көші-қонның негізгі ағымы өтетін елдерді атады.

"Қазіргі геосаяси жағдай және көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қабылданып жатқан шаралар соңғы 10 жылда алғаш рет көші-қонның оң сальдосын қамтамасыз етті", - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, негізінен шетелдіктер ТМД, ҚХР және Моңғолия елдерінен тұрақты тұруға келеді.

Сонымен қатар, техникалық (1443 адам), экономикалық (577 адам), педагогикалық (288 адам) және медициналық білімі (191 адам) бар шетел азаматтары көбірек келе бастады.