Зияткерлік ойын Астанада Қазақстанның түкпір түкпірінен 60 команда жинайды

"Aqyl Battle Cup" зияткерлік ойынының финалына әр аймақтан 3 команда келеді. Ел өңірлерінде "Aqyl Battle Cup" ойынының соңғы кезеңіне қатысатын қатысушылардың есімдері анықталды. Интеллектуалды ойынның финалына 14 пен 35 жас аралығындағы 180 жас қатысады.

"Ойын финалы кезінде біз қатысушылардан 60 команда құрамыз. Осылайша, "Aqyl Battle Cup" үшінші кезеңінде әр аймақты 35 жасқа дейінгі 3 адамнан тұратын 3 команда ұсынады. Мұндай шешім командалар өз ресурстарын барынша пайдалана алуы үшін қабылданды. Командалардың ойынын қоғам қайраткерлері мен түрлі саладағы сарапшылар бағалайды", - деді «Болашақ Қазақстан" қоғамдық студенттік бірлестігінің атқарушы директоры Бибінұр Шербаева.

Оның айтуынша, "Aqyl Battle Cup" финалдық кезеңінің барлық қатысушыларына тұру және тамақтану шығындарын ұйымдастырушылар өз мойнына алады.

Зияткерлік шайқастың жүлде қоры 2,6 млн теңгені құрайды.

"Ойын жеңімпаздары 1 миллион теңге алады. ІІ орын иегерлері 500 мың теңге көлемінде жүлдеге ие болады. Ал ІІІ орын үшін біз 300 мың теңге дайындадық. ІV орын алған команда 200 мың теңге алады. Сонымен қатар, біз ең креативті топты марапаттаймыз. Ол 600 мың теңге көлемінде жүлдеге ие болады", - деді Бибінұр Шербаева.

Зияткерлік командалық ойынның финалы Астанада республика күні қарсаңында өтеді деп жоспарлануда.

"Aqyl Battle Cup" республикалық зияткерлік ойынын мемлекеттік тілде "Тіл тағдыры – ел тағдыры" жобасы аясында "Болашақ Қазақстан" ЖҚБ өткізеді. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2025 жылдың соңына дейін іске асырылатын болады.