Жемқор шенеуніктердің ақшасына қанша мектеп салынады?

Елімізде жемқор шенеуніктердің ақшасына қанша мектеп салынып жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі.

Үкімет мәліметінше, қор құрылғалы жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражатпен толықтырылған. Былтырғы желтоқсаннан бері 151,6 млрд теңге түскен.

«Бүгінде қордың арқасында бірқатар облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың оқушыға арналған (екі ауысымдық) 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды», - деді баспасөз қызметі.

Қордың қызметі үш ауысымда оқытуды, апатты жағдайлардағы білім беру мекемелерінің проблемаларын және жалпы алғанда, мектептерді, кеңейтулерді және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы оқушылар орны жетіспеушілігін жоюға бағытталғаны атап өтілді.