Пірматов өз лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Айта кетсек, бұл лауазымға Пірматов былтыр 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің №803 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалған болатын.

Әр жылдары «Алтын-Тас» БК қаржы директоры,

AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры,

«Халық банк» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры,

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі,

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті,

«Cameco Kazakhstan» компаниясының президенті, 

ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017-2021 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы.

«Құрмет» (2016), «Парасат» (2021) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) мерейтойлық медалімен марапатталды.