Рыбакинаны жеңген теннисші тағы сенсация жасады
Румыниялық теннисші Сорана Кырстя (WTA рейтингінде 30-шы) US Open турнирінің 1/8 финалында швейцариялық Белинда Бенчичті (13-ші) жеңді, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі.
Кездесу екі сетте Кырстяның жеңісімен аяқталды – 6:3, 6:3. Осылайша, румыниялық теннисші АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты.
Естеріңізге сала кетсек, алдыңғы кездесуде Сорана Кырстя әлемнің төртінші ракеткасы – қазақстандық Елена Рыбакинаны 6:3, 6:7, 6:4 есебімен жеңіп, сенсация жасаған болатын. Кырстяның келесі қарсыласы чех теннисшісі Каролина Мучова болады.