Тимур Сүлейменов Ұлттық Банктің жаңа басшысы болып тағайындалды
Қыркүйектің 4-ті Палата отырысында жаңа төрағаеы тағайындады. Қазақстан Ұлттық Банкінің жаңа басшысы Тимур Сүлейменов болды, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі.
Тимур Сүлейменовтың кандидатурасын Мемлекет Басшысының ұсынысы негізінде Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов сенаторларға ұсынды.
«Тимур Мұратұлы төрт жылдан астам Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, әлеуметтік-экономикалық даму блогын басқарды, осы саладағы реформаларды іске асыруға белсенді қатысты. Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігін басқарған. Оның жеке қасиеттері мен біліктілігі Ұлттық банктің қызметін жетілдіре алады. Сүлейменов Тимур Мұратұлының Ұлттық банк басшысы лауазымына кандидатурасын қолдауды сұраймыз»,- деді Бектенов.
Ашық дауыс беруде депутаттар Сүлейменовтың кандидатурасын қолдады.