Ербол Қарашөкеев жаңа лауазымға тағайындалды
Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстың жаңа әкімі Ербол Қарашөкеев болды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған.