Ақмола облысының жаңа әкімі - Марат Ахметжанов
Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Марат Мұратұлы 2022 жылдың 25-ші ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін басқарған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев болатын. Ол Президенттің Жарлығымен қыркүйектің 2-сі туризм және спорт министрі болып тағайындалды.