Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев

Мәжіліс Ерлан Нысанбаевтың экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына кандидатурасына келісіп, Президент Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ерлан Нұралыұлы Астана әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.