Қыркүйектің 7-і Қазақстанда қандай қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады?

Қыркүйектің 7-і Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, қыркүйектің 7-і Ақтөбе, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. 

Ақтөбеде күн бұлтты, аздап жауын жауады. Ауа температурасы күндіз +25 градус, түнде +13 градус.

Алматыда да күн бұлтты. Күндіз +25 градус, түнде +14 градус.

Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Сынап бағанасы күндіз +18 градусты, түнде +8 градусты көрсетеді.

Атырауда да күн бұлтты. Ауа температурасы күндіз +27 градус, түнде +15 градус.