Қазақстандық теннисші Анна Данилина US Open финалына шықты

Қыркүйектің 7-і US Open-2023 жартылай финалдық матчы аяқталды. Анна Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен дуэтте Ена Шибахара – Мате Павич жұбын жеңді. Кездесу 7:6, 6:4 есебімен аяқталды.

Финалда Данилина мен оның серіктесі қазіргі АҚШ ашық чемпионатының бірінші нөмірлі ракеткалары болып тіркелген америкалық Джессика Пегула мен Остин Кричек жұбымен кездеседі. Финалдық матч қыркүйектің 9-ы өтеді. Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен Хелиеваара екеуі финалға шыққандары үшін 85.000 доллар сыйақы алады. Егер де жеңсе, финалда 175.000 долларды бөлісетін болады.