Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға келді
Мемлекет басшысының шақыртуымен қыркүйектің 6-8-і Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Екі ел басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.