Астанада Koktal Run жүгіру марафоны өтеді
9 қыркүйек күні өтетін Koktal Run жүгіру марафонына жеңіл атлетиканы жақсы көретін әрбір тұрғын қатыса алады.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Марафонға тіркеу 9 қыркүйек күні сағат 08:00-де басталады.
Жүгіру қашықтығы:
Балалар (16 жасқа дейінгі қыздар): 1 км;
Балалар (16 жасқа дейінгі ұлдар): 2 км;
Ересектер (жас шектеусіз): 5 км.
Марафон соңында балалар мен ересектер арасында бірінші, екінші, үшінші орын алған үздік қатысушылар марапатталады.