Педагогтар АЭС құрылысына жоғары қызығушылық танытты

 
 Таразда Халықтық штаб мүшелері өңірдегі педагогтар қауымымен кездесті.
1726211733948.jpg

Іс-шараға 350-ден астам адам қатысты. Штаб мүшелері Мемлекет басшысы мұғалімдер мен білім беру саласына айрықша көңіл бөлетінін атап өтті. «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды, мұғалімдердің жалақысы мен әлеуметтік қамсыздандырылуы едәуір өсті, білім беру саласындағы инфрақұрылым мәселелері жүйелі түрде шешілуде, ел аумағында «Жайлы мектептер» салынуда. Сондықтан ұстаздар қауымының біздің қоғам үшін өте өзекті АЭС тақырыбы туралы толық ақпарат алып, бейбіт атомның барлық артықшылығын түсінуі, толғандырған сұрақ-сауалдарға жауап алуы – аса маңызды.

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов атап өткендей, атом электр станциясы – елімізге энергетикалық тұрғыда тәуелсіздік алуға мүмкіндік беретін болашақтың жобасы. Сондықтан, болашағы жарқын, бақуатты елге айналғымыз келсе, баламасы жоқ АЭС салу мүмкіндігін өткізіп алмауымыз керек.

«Референдумға дейін бір айға жетер-жетпес уақыт қалды. Осы жерде облыстың үздік ұстаздары бас қосып отыр. Сіздердің беделдеріңіз биік, сөздеріңіз өтімді. Президент реформалары мен бастамаларын үнемі қолдап келесіздер. Ел болашағына қатысты тағдыр шешті сәтте әрдайым алдыңғы шептен табыласыздар. Осы жолы да дұрыс таңдау жасау үшін тізе қоса жұмыс істейміз деп сенемін. Баршаңызды мемлекеттің болашағы үшін, балаларымыздың келешегі үшін АЭС салу жөніндегі бастаманы бірауыздан қолдауға шақырамын!», – деді ол педагогтерге қарата айтқан сөзінде.

Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Төрағасы жуырда Үкімет атом энергетикасы саласында кадр даярлау жөнінде салалық бағдарлама қабылдайтынын айтты. Атап айтқанда, алдағы үш жылда «Болашақ» бағдарламасы бойынша үздік әлемдік жоғары оқу орындарына дәл осы салаға қатысты гранттар беріледі, уран өнеркәсібі мамандары үшін тағылымдама және қайта даярлау бағдарламалары енгізіледі. Бұл қадам құрылыс жұмысы аяқталған кезде 3 мыңнан астам жоғары білікті маман даярлауға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдер оқушылардың нақты ғылымдарды игеруге деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықтарын таңдауға атсалысуы маңызды.

     Ссылка: https://aes2024.kz/ru/