57 ауыл мен 45 мың тұрғын: «Самұрық-Қазына» қолдауымен медициналық пойыз Қазақстан өңірлерін аралауда

3 ай ішінде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 7 өңірдегі 57 ауылда болып, 42 мыңнан астам тұрғын мен балаға қолдау көрсетті.


? 153 шағын ота
? 2 000+ стоматологиялық қызмет
? Тар бейінді мамандардың кеңестері, УДЗ, рентген, ЭКГ, зертханалық талдаулар
? 2 500 адам психологиялық көмек алды
? 2 435 тұрғынға құқықтық және медиативтік қолдау көрсетілді

WhatsApp Image 2025 08 26 at 15.18.24 1

? Алдағы уақытта пойыз Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарына барады.

Жоба «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы атынан Samruk-Kazyna Trust қорының, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.