Ақпан айына жұлдыз жорамал

 

Тоқты

  Ақпан айында денсаулығыңыз бен демалысқа қатысты барлық мәселе шешіледі. Мысалы, дәрігерге көріну, шипажайға жолдама немесе бассейнге абонемент сатып алуды жоспарлауыңыз мүмкін. Ақшаны тиімді инвестициялау жолдарын қарастырсақ,  дәрі-дәрмек, косметика, мұнай немесе химия бизнесіне қатысты істерге қаражатты бөлуге болады. Қосымша кірістер, субсидиялар немесе жәрдемақы беріледі. Айдың соңын сырт келбетіңізге, сұлулыққа арнаған дұрыс. Көпшілік алдында сөйлеу, өзін-өзі таныстыру, туризм және спорт салаларында белсенді боласыз. 

Торпақ

  Жаңа таныстық пен қызықты байланыс орнататын ай. Ақпан айында сіз және жақындарыңыздың пікірлеріңіз бен көзқарастарыңыз бір жерден шығады. Жеке компания, акционерлік қоғам, партиялық және қоғамдық ұйымдармен келісім-шарттар сәтті болмақ. Ғаламтор кеңістігінде, әлеуметтік желілер мен жаңа технологиялар қолдануда белсенділік танытасыз. Жеке өміріңізде жақсы өзгерістер күтілуде.

Егіздер

 Бұл айда сіз тек жұмыспен ғана емес, денсаулығыңызға да көңіл бөліп, әсіресе психологиялық денсаулыққа мән бересіз. Дәрігерге баруды кешіктірмеңіз, алдын ала тексерістен өтіңіз. Сүйек, буын мен тізеңізді күтіңіз. Шығармашылықтағы, сондай-ақ медицина, психология, химия және фармакология өнеркәсібі, қонақ үй және парфюмерия салаларындағы мамандар үшін жетістікке толы ай болмақ. Ақпанның соңғы жұмалары жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, ұжым мен жақындарыңыздың қолдауына бөлінесіз.

Шаян

 Қолдаушыларыңыздың көмегіне сенім артсаңыз болады. Ақпан айы ерекше күш беріп, ішкі түйсігіңізді арттырады. Бұл мезгілде өзіңізді тыңдап, жүрек қалауын орындағаныңыз жөн. Серіктестермен және ұжыммен қарым-қатынас жақсарады. Интернет-технологияларға қатысты істер, заң мен сот мәселелерін шешуге, достар және балалармен саяхаттауға шығу сәтті болмақ. Ақпанның соңғы онкүндікте жұмыста жоғары лауызымға ұсыныс түседі.

Арыстан

 Ресми құжаттарды ресімдеу, әсіресе несие, мұра алу, сақтандыру мәселелеріне қатысты барлық кезеңнен бюрократиялық кедергісіз өтуге тамаша мүмкіндік бар. Осы айда жоспарлы түрде хирургиялық оталарды жүргізуге болады, сонымен қатар ай энергетикалық күші тез емделіп, жазылып кетуге ықпалын тигізеді. Кәсіпкерлікке ниеті бар жандардың айы оңынан туады. Айдың соңы үйлену тойға, білім мен оқуға және қысқы іссапарға қолайлы болмақ.

Бикеш

 Жаңа мүмкіндіктер шетелдіктермен немесе алыстан келген адаммен ынтымақтастық орнату арқылы келеді. Бұл  ай жолда, іссапарда, саяхатта және тіпті сот залында керемет таныстықпен аяқталуы мүмкін. Ақпан айының соңғы күндері сізге де, айналаңыздағы адамдарға да табысты болмақ. Жеке кәсіп, инвестицияларды ашу үшін қолайлы уақыт.

 

Таразы

 Басқа адамдардың заттары немесе ақшасына байланысты, мүлікті қорғау мен қауіпсіздікке, сақтандыруға, шот ашуға немесе өндірісті жаңа заттармен жабдықтау үшін жақсы кезең. Біреу шеберхана ашса, біреу жұмыс істеу үшін қажетті құралдарды алады. Өз ісінің маманы болуға арналған ай. Денсаулық күтімі, денені қалыпқа келтіру, медициналық тексерулер сәтті өтеді. Айдың соңғы онкүндігі махаббат пен серіктестікке толы болмақ.

Сарышаян

 Сарышаяндар үшін өмірлік серігін кездестіру бұйырып, үйлену той жасау кезеңі келді.  Көптеген адамның махаббатта жолы болмақ, сондықтан адамдармен араласып, қызықты жиындарға жиі қатысыңыз. Мәдениет пен өнерге байланысты іс-шараларда тек рухани байып қана қоймай, сонымен қатар өзіңізге пайдалы таныстық табуға көмектеседі. Психологқа жазылып, этикет немесе бос уақытты ұйымдастыру бойынша курстардан өтуге болады.

Мерген

 Ақпан айында күнделікті жұмыс пен кішігірім тапсырмаларға мұқият қарау қажет. Өйткені кішкентай істер сіздің алға ұмтылысыңызды сипаттайды. Еңбекқорлық пен ұқыптылықты ұстану арқылы жұмыста биіктерге жетесіз. Үй саламын немесе сатып аламын деген мергендерге таптырмас уақыт күтілуде. Бизнесіңізді құру, фирманы, дүкенді немесе сауда нүктесін құру жақсы пайда әкеледі. Ақпанның соңғы онкүндігі мереке мен махаббатқа толы, жаңа таныстықтар көп болады.

Тауешкі

 Бұл айда тауешкілер сүйіктілері, сыныптастары және туыстарымен демалысқа немесе бос уақыт өткізуге арналған кезең. Жақындармен бірігу кезеңі болмақ. Оқыту мен білім беру, ақпаратты есте сақтау, мақалалар жазу дағдыларын жетілдіруді жоспарлайсыз. Жолда, әлеуметтік желілерде немесе оқу орындарында романтикалық таныстық болу мүмкін. Сонымен қатар осы айда сұлулық, балалар заттары мен кеңсе тауарларын тиімді сата аласыз.

Суқұйғыш

 Ақпан айында  жылжымайтын мүлікке, тұрғын үйге, жерге, отбасылық кәсіпке ақша салуға қатысты қаржылық мәселелердің тиімді шешімін таба аласыз. Талпыныстың арқасында жақындарыңыздың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік болады. Бұл өзгерістер үшін тамаша ай. Көбі үйлі болып, қоныс тойын жасайды. Ақпанның соңғы онкүндігі сатылымдар мен коммуникацияларға толы болмақ.

 

Балықтар

Жақсы серіктестік орнату және келіссөздер жүргізуде, білім беру және алу, қызметтік іссапарлар — мұның бәрі ақпан айында балықтар үшін өзекті. Балықтар бір орында отырмайды, өйткені айнала қызыққа толы ай болмақ. Жақындардың арасында сұранысқа ие боласыз. Көлік пен байланыс құралдарын тиімді сатып алу, виза немесе төлқұжат алу мүмкіндіктеріне толы. Көршілермен, туыстармен, сыныптастармен қарым-қатынас жақсарады. Айдың соңғы онкүндігі назарыңызды қаржыға аударады, бұл ақшаңызды үнемдеу мен есептеу кезеңі.