Ақпан айының 6-сы мен 12-сі аралығынан арнаған жұлдыз жорамал

Жаңа апта жаңа мүмкіндіктер сыйлайды.  Жұлдыздардың келесі аптаға не дайындағанын бірге білейік.

Тоқты

  Жаңа аптаның басында Тоқтылар еш себепсіз жалғыз қалғандай жабырқаулы сезімде болады, бірақ бірнеше күннен кейін көңіліңіз орнына  келеді. Астрологтар Тоқтыларға өзіне сенімді болуға, сондай-ақ жұмыста әріптестерімен дауласпай, барлығын сабырлықпен шешуге кеңес береді. Нәтижесінде басшылық жағымды бонустар мен жаңа ұсыныстармен қуантады. Аптаның соңында достарыңызбен және отбасыңызбен көбірек уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік туады. Студенттер үшін бұл апта барынша жемісті және табысты болмақ.

Торпақ

  Аптаның басында Торпақтардың барлық ісіне Айдың өзі оң әсер етеді. Алайда аптаның соңына қарай бәрі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Көңіл-күйіңіз күрт өзгеріп, себепсіз шаршау жұмысқа деген құлшынысты азайтады. Көңіл-күйдің тұрақсыздығына байланысты әріптестер мен басшылық алдында өзіңізді байсалды ұстағаныңыз жөн. Ал бизнеспен айналысамын деген адамдар үлкендердің қаржылай немесе кеңес ретінде «батасын» алады.

Егіздер

  Мұхиттың ең қараңғы және зерттелмеген бөліктерінде тұратын балықтар туралы білесіз бе? Осы аптада өзіңізді  жаңа қырыңыздан ашып, басыңыздан жаңа сезімдерді өткересіз. Осы аптада жолықтырған адам мен басыңыздан өткерген жағдаяттар сіз сезінбеген эмоцияларды тудырады. Жұлдыздар ат тоныңызды ала қашпай, жаңа сезімдерді ризашылықпен қабылдап, әсеріңізді жеке күнделікке не қағаз бетіне толтыруға кеңес береді.

Шаян

  Осы аптада Шаяндар жақындарына көп уақыт бөледі. Көмек сұраған туысқандарына не достарына кеңес беріп, оларды қолдайсыз. Жақсылығыңызды асыра пайдаланушылардан абай болыңыз. Сондықтан көмектесімін десеңіз алдымен өзіңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

 

Арыстан

  Арыстандар осы аптада жұмысқа да, жеке шаруаға да үлгереді. Ойға келген батыл идеяларыңыз бен шығармашылығыңызды жасырмай, аша түсіңіз. Сондай-ақ дос іздеген арыстандар назарын қасында жүрген адамдарға салған жөн. Айтқандай алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала демекші, мүмкін сіздің жан досыңыз жаныңызда, оны байқамай жүрген боларсыз. Бірінші қадамды жасаудан қорықпаңыз!

Бикеш

  Аптаның басында Бикештер басқаларға шығармашылық көрсеткісі келеді. Бала кездегі хоббиіңіз, сіздің табысты ісіңізге айналса, таң қалмаңыз. Астрологтар өзіңізге назар аударуды және басқалардың пікірін тыңдамай, ішкі түйсігіңізге сенім білдіруді кеңес береді. Ал балалары бар Бикештер олардың шығармашылық бастамаларын көтермелеп, қолдауы қажет.

 

Таразы

  Бұл аптада Таразылар үшін үй ішіндегі жөндеу жұмыстарын жоспарлауға тамаша мүмкіндік туады. Жақын адамдардан көмек сұрауға ұялмаңыз!Демалыс күндері өзіңізге біраз уақыт бөліңіз: ойларыңыз саларалап, шынымен не қалайтыныңыз туралы ойланыңыз. Егер қалауларыңыз орындалмаған болса, осы жылға арналған жоспарлардың тізімін жасаңыз.

 

Сарышаян

  Жақын досыңызбен немесе серіктесіңізбен бірігіп, жаңа жобаларыңызды таныстырасыз. Олардың кеңестері бір шешімге келуге көмектеседі. Осы аптада кез келген әрекетте байыпты, ал маңызды шешімдер қабылдауда сабырлы болған абзал. Апта соңында туған туыстарыңызбен жиналып, олардың жылулығына бөленесіз.

 

Мерген

  Аптаның басында Мергендер жұмыста прогрессивті идеялар ұсынады. Оларды басқалар түсінбесе де жаңа өзгерістерге қорықпай, жауапкершілікпен қараса, болашақта жаңа жобалар үлкен табыс әкелетіні сөзсіз. Барлық мүмкіндікті пайдалануға тырысыңыз.  

 

Тауешкі

  Бұл апта шығармашылық жобалар мен көркем заттар жасауға тамаша уақыт. Жұмыс дей бермей, ойыңызда жүрген іске де көңіл бөліңіз. Жұлдыздар уақытты қызықты өткізуге арналған шараларға қатысуға кеңес береді.

 

Суқұйғыш 

  Суқұйғыштар, осы аптада жұлдыздар сізді нағыз жұлдызға айналдырады, сондықтан жаңа таныстық кезінде өзгермей өз қалпыңызда қалғаныңыз абзал. Сонымен қатар армандарыңызға барынша көп уақыт бөліп, орындалатынына сеніңіз.  Әйтпесе ол арман болып қала береді.

 

Балықтар

  Осы аптада Сіз достарыңызға мүмкіндігінше көп уақыт бөліп, жаңа байланыстар орнатуыңыз керек. Әлеуметтік істермен немесе қайырымдылықпен айналысыңыз. Сондықтан бір жерге ерікті болу мүмкіндігі болса, пайдаланыңыз. Жұлдыздар жауапкершілікті өз мойнына алуға және көшбасшылық қасиеттерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ал шыдамдылық пен шабыттың қосындысы барлық қиындық пен мәселені шешуге көмектеседі.