Ақпан айының 13-і мен 19-ы аралығынан арнаған жұлдыз жорамал
Жаңа апта: «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады!». Жұлдыздардың келесі аптаға не дайындағанын бірге білейік.
Тоқты
Жаңа апта оңай және жағымды басталғанымен апта ортасына қарай жұмыстағы қиындықтар көңіліңізге қаяу түсіру мүмкін. Тоқтылар алға қойған мақсаттарына жету үшін өзіне сенімді болуы керек. Сондай-ақ келесі 7 күнде астрологтар өзін-өзі дамытуға және оқуға баса назар аударуға кеңес береді. Жұлдыздар табандылығыңыз үшін сый әзірлеп отыр.
Торпақ
Торпақтар осы аптада барлығына үлгеріп, үлкен жетістікке жете алады. Аптаның соңғы екі күнінде планеталардың теріс тербелісі сізге кері әсер етеді. Маңызды шаруа кезінде жалқаулануыңыз мүмкін. Астрологтар позитив адамдармен сөйлесуді және уақытты пайдалы өткізуге кеңес береді.
Егіздер
Осы аптада егіздер жақсылық қайтпайтын істерді жасамаған жөн. Жаңа жұмада сергек және жігерлі боласыз, алайда энергияңызды пайдаланғысы келетіндер көп. Сондықтан кіммен уақыт өткізетініңізді қадағалаңыз. Бұрынғы кездегі таныстармен әңгімелескенді ұнатсаңыз да олардың сізге жасаған жамандықтарын есте ұстаңыз.
Шаян
Бұл апта шаяндар үшін жақсы қарым-қатынасты қолдау аптасына айналмақ. Отбасыңызбен, жақындар мен жұмыстағы серіктестермен тығыз байланыста боласыз. Жақындарыңызға, таныстарыңызға көмек бересіз. Апта соңы жақсы жаңалықтарға толы болмақ.
Арыстан
Арыстандар осы аптаны жақсы өткізеді. Өзіңізді барлық салада жұлдыз сияқты сезінесіз, жұмыста да жұбыңызбен де қарым-қатынасыңыз жақсы болмақ. Бірақ сонда да көңіліңіз тұрақсыз болуы мүмкін, сондықтан оны түсіретін адамдарға мән бермеуге тырысыңыз.
Бикеш
Соңғы екі апта Бикештер үшін жемісті болады. Жұлдыздар сізге жақсы демалуға және жаңа жоспар құруға көптеген мүмкіндік береді. Оларды назардан тыс қалдырмаңыз. Қиындықтар туындаған сәтте жақын адамдарыңыздың қолдауы сенім мен күш-жігер береді.
Таразы
Таразылар, қысқы ұйқыдан шығатын уақыт келді! Жаңа апта сізге осы айда жетпеген шабыт пен жақсы көңіл-күй сыйлайды. Жалғыз болғыңыз келсе де жұлдыздар бұл аптада көп іс-шара дайындап қойды. Ең әдемі киімдеріңізді киіп, күнделікті жұмыстарды кейінге шегеріп, өмірден рахаттаныңыз.
Сарышаян
Биыл Сарышаяндар үшін жыл сәтті басталмағаны рас. Сізге достарыңыз бен жақындарыңыздың қолдауы жетіспейді, алайда олардың көмегінен пайда жоқ. Осы аптада астрологтар тек өздерінен қолдау іздегенді ұсынады. Кейбір мәселелерді шешу үшін басқалармен байланыс орнату қабілеті көмектеседі.
Мерген
Осы аптада Мергендердің саяхатқа деген құштарлығы арта түспек. Бұл барлығынан алыстап, демалғысы келгендіктен. Өткен аптадағы тынымсыз жұмыс шаршата түсті. Егер шетелге шығу мүмкіндігі туса, оны ойланбастан қолданыңыз.
Тауешкі
Жаңа апта тауешкілерге жақсы жаңалықтар әкеледі. Жұмыста оң өзгерістер болып, жаңа адамдармен таныстық және білімге деген құштарлық оянады. Астрологтар бұл өзгерістерге аса мән беріп, ризашылықпен қабылдауға кеңес береді.
Суқұйғыш
Аптаның басында суқұйғыштардың жұмысы оң болып, шешім қабылдауда сенімділік пайда болады. Келесі күндері таңқаларлық тыныш орнайды. Жаңа хоббилер мен сүйікті ісіңізге уақыт табылады.
Балықтар
Балықтар, осы аптада жұмыс кестеңіз сүйікті істерге, жақсы таныстықтар мен жаңа жобаларға толы болмақ. Алайда қиыншылықтар кездесуі мүмкін, оларға мойымай, оң көзқарас танытып, қолдан келетін нәрсеге шүкіршілік ету керек. Болашақтың іргесін қалыптастыруда ойыңыз жинақы болуын есте сақтаңыз!