Ақпан айының 20-сы мен 26-сы аралығына арналған жұлдыз жорамал

  Жаңа апта: «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең!». Жұлдыздардың келесі аптаға не дайындағанын бірге білейік.

Тоқты

Тоқтылар үшін апта белсенді және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға қолайлы болмақ. Әңгіме арасында, жаңалықтың ортасында боласыз. Сондықтан ойларыңыз бен пікірлеріңізді ашық айтыңыз. Апта соңында жұмысыңыздың жемісін көріп, еңбегіңіз еленеді.

 

Торпақ

Торпақтар армандарыңыздың орындалуына сәл қалды. Алға қойған мақсатқа деген қадамдарыңызды нық басыңыз. Қателесуден қорықпаңыз. Сіздің қолыңыздан барлығы келеді.

 

Егіздер

Егіздер үшін осы апта жемісті болады. Берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, жеке шаруаңызды да аяқтауға үлгересіз. Алайда, достарыңызбен түсініспеушілік орнауы мүмкін, уайымдамаңыз, соңы жақсы аяқталады.

 

Шаян 

Жаңа апта Шаяндарға шығармашылық шабыт сыйлайды. Идеяларыңыз әріптестеріңіздің де, іскерлік серіктестеріңіздің де көңілінен шығады. Аптаның басында жоспарланған келіссөздер сәтті өтеді, дегенмен қаржылық құжаттарға қол қоюға асықпаңыз.

 

Арыстан

 Арыстандар осы аптаны эмоцияға аса берілмей, ұсақ-түйек жайсыздықтарға мән бермей өткізгені дұрыс. Жұлдызнамашылар сізге барлық реніштерді кешіруге кеңес береді. Өзіңізге де, өзгелерге де мейірімді болыңыз!

 

Бикеш

Сіздің әр жасаған кішкентай қадамыңыз үлкен арманыңыздың орындалуына жетелейді. Демалыс аптасы осымен аяқталуға шақ, жұмыс қайнайды, күш жинап,  дайындала беріңіз.

 

Таразы

Таразылардың көпшілігі үшін барлық шаруасын аяқтап, нақты қорытынды шығаратын уақыт келді. Отбасында үйлесім орнайды. Достарыңызбен кездесуге үлгеріп, сонымен қатар әуес ісіңізге және армандауға уақыт бөлуді ұмытпаңыз.

 

Сарышаян

Шәй қайнатып, дастархан жаятын кез. Бұл апта Сарышаяндар үшін отбасылық апта болмақ. Демалыс күндеріңіз іш пыстырарлықтай өтсе де, уақытыңызды үй шаруасына, туыстармен қарым-қатынасқа арнасаңыз, уақытым бос өтті,- деп өкінбейсіз.

 

Мерген

Осы аптада Мергендер жақындарына қаржылай көмектесуден мезі болып, шаршайды. Әрине, оларға көмектесу қалыпты жағдай, бірақ, жақсылықты асыра пайдаланушылардан сақ болыңыз! Сондықтан ақша туралы сөз қозғауға қорықпаңыз, ойларыңызды сабырлы және биязы түрде жеткізуге тырысыңыз.

 

Тауешкі

Алдағы аптада Тауешкілер өмірінде жағымды өзгерістер болады. Сондай-ақ іскерлік белсенділік таныту мен іссапарға шығу үшін қолайлы уақыт. Демалыс күндерін сәтті өткізгіңіз келсе, жолға шығыңыз, бақша жұмыстарына арнаңыз немесе достармен басқосу ұйымдастырыңыз.

 

Суқұйғыш

Суқұйғыштар ойын өзгенің пікірлерінен тазартады. Өздігімен өмір сүру үшін бір мезгіл жалғыз отырып пайымдауға уақыт туады. Жұлдызнамашылар алғыс дәптерін бастап, күнтізбелік жұмыс жоспарын құруға кеңес береді.

 

Балықтар

Осы аптада жұмыста және жеке өмірде үлкен өзгерістер күтілуде. Көбі өзіне лайықты жұмыс тауып, аңсаған арманына жетеді. Кәсіпкерлік тізгінін ұстаған Балықтар келер аптада бірнеше тиімді келісімшарттарға қол жеткізе алады. Қаржылық жағдайыңыз да жақсара түседі.