Ақпан айының 27-сі мен наурыздың 5-сі аралығына арналған жұлдыз жорамал

  Жаңа апта: «Ынта болса адамда, Қиын іс жоқ ғаламда!». Жұлдыздардың келесі аптаға не дайындағанын бірге білейік.

Тоқты

  Тоқтылар, жұмысты байыппен істеп, өзіңізге шамалы демалыс беріңіз. Жуырда айыңыз оңынан туады, сондықтан қазірден бастап  жаңа жоспар құрыңыз. Сондай-ақ, жұлдызнамашылар осы аптада сұлулық шараларына көңіл бөлуге кеңес береді.  Жаңа әдемі киім алып, айналыңызды әрлеңіз, көктемгі фотосессия жасаңыз. 

 

Торпақ

  Торпақтар үшін бұл апта тыныш өтеді. Қажетті нәтижеге жету үшін шыдамдылықты шыңдап, сабыр сақтаңыз.  Жұлдызнамашылар жасы үлкен және лауазымды адамдармен пікірталастардан аулақ болуға кеңес береді, өйткені бұл күйзеліске және қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі. Ал студенттерге осы апта шетелдік университетке түсу немесе стипендия алу мүмкіндігін сыйлайды. 

 

Егіздер

  Егіздер кәсіби салада жарқырайтын уақыт келді, сондықтан қорқынышсыз және күмәнсіз шығармашылық идеяларыңызбен бөлісіп, белсенді болыңыз. Сондай-ақ, жұлдызнамашылар жұртшылықпен шығармашылық жолыңызбен бөлісуге кеңес береді: әдемі суреттеріңізді көрсетіп, мақалалар жазып  және TikTok-та бейнелер түсіріңіз.

 

Шаян

  Осы аптада планеталардың қозғалысы Шаяндарға жақсы әсер етеді. Ішкі түйсігіңізге сенім артып, мәселелердің шешімін табасыз. Сондай-ақ, жұлдызнамашылар шығармашылық жақтарыңызды жаттықтыруға кеңес береді. Сол арқылы жаңа жобаларға шабытыңыз ашылады. 

 

Арыстан

  Арыстандар үшін бұл апта романтикалық, әрі стрессті болады. Сондықтан уақытты жалғыз өткізуге тырысып,медитация, йогамен айналысыңыз. Ол, басқа адамдармен қарым-қатынастан және жұмыстан алшақта дегенді білдірмейді, күнделікті жоспардан ұзамай, позитивті болыңыз.

 

Бикеш

  Осы аптада Бикештер өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуге тырысуы керек. Келесі 7 күн ішінде барлық жұмысты кейінге қалдырмай, аяқтауды жоспарлаңыз. Туыстарыңызбен және достарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысыңыз және дауласпаңыз. Жұлдызнамашылар уайымдамай, көңілді болуға кеңес береді.

 

Таразы

  Жұлдызнамашылар аптаны мүмкіндігінше сауықтыруға арналған массаж, йога, дәрігерге бару, диета, жүзу және медитация жасауға кеңес береді. Мұның бәрі сіздің физикалық жағдайыңызға әсер етіп қана қоймай, психологиялық тұрғыда да пайдасы тиеді. Апта соңында отбасында үйлесім орнайды. Достарыңызбен кездесуге үлгеріп, сонымен қатар хоббиге және армандауға уақыт бөлуді ұмытпаңыз.

 

Сарышаян

  Осы аптада Сарышаяндар назарын қуаныш пен сәттілік әкелетін үш нәрсеге аударуы керек – романс, өзін-өзі дамыту және шығармашылық. Сіз көбінесе эмоцияларға беріліп, шешім қабылдайсыз, сондықтан келесі ретте жақсылап ойланыңыз.  Жұлдызнамашылар көп кітап оқуға кеңес береді, өйткені келесі 7 күнде санаңыз жаңа ақпаратты жақсы қабылдайды. 

 

Мерген

 Мергендер үйде көп уақыт өткізбейтін жандар, күнделікті қозғалыста. Дегенмен, үй сіздің әл-ауқатыңыз бен көңіл-күйіңізге қатты әсер етеді, сондықтан келесі аптада көктемге қарсы тазалық жұмыстарын жүргізіп, үй ішіне жаңа заттар алып, мүмкіндігінше жайлылық жасаңыз. Осы аптада қарым-қатынас пен жұмыста көптеген қызықты жағдайлар болуы мүмкін. Апта ортасына жоспарланған іссапарлар сәтті өтеді, ал жұмада жол жүруден бас тартқаныңыз жөн. Демалыс күндері алыстан қонақ келуі ықтимал. 

Тауешкі 

  Егер сіз соңғы кездері көптеген істер және міндеттермен айналысқан болсаңыз, осы аптада шығармашылық пен қызықты оқиғаларды бастан өткізесіз. Шешім қабылдауда жұлдыздар асықпауға кеңес береді, тым болмаса демалыс күндеріне дейін шыдаңыз. Ал, жұмыс күндерін қызметке, іскерлік серіктестермен байланыс орнатуға жұмсағаныңыз дұрыс.  

 

Суқұйғыш

  Суқұйғыштар ішкі түйсігіңізге сеніңіз, өміріңіздің барлық салаларына прогресс уақыты келді. Сондықтан сізден сұрамаған жайларға назар аудармаңыз, өзіңізді адастыруға жол бермеңіз және қадам жасауда жүрегіңізді тыңдаңыз. Осы аптада энергияңыз көп болады, барлығына үлгересіз. Апта соңы пайдалы іскерлік қарым-қатынас пен таныстық орнатуға сәтті болмақ. 

 

Балықтар

  Осы аптаның күндері Балықтар үшін  жаңа мақсаттарға батыл жетуге шабыттандырады. Жұлдызнамашылар алғыс күнделігін толтырып, кешкі медитация жасауға кеңес береді. Туыстарыңызбен және достарыңызбен қарым — қатынаста мейірімділік танытып, өзіңізді тек жақсы қырыңыздан көрсете білсеңіз болғаны. Отбасылық мәселелерді шешуді жұманың еншісіне қалдырыңыз.