Наурыздың 13-і мен 19-ы аралығына арналған жұлдыз жорамал

Жаңа апта: «Сен де - бір кірпіш, дүниеге. Кетігін тап та, бар қалан!». Жұлдыздардың келесі аптаға не дайындағанын бірге білейік.

Тоқты

1 oven Тоқтылар үшін апта өте жарқын болмақ, барлық тосынсый пайдаңызға асады. Қиындықтар мен іске аспаған жоспарларға мойымаңыз, жұлдыздар сізге қамқорлық жасап, қолдайды. Өз күшіңізге сеніңіз, сол кезде армандарыңыз орындалады.

 

Торпақ

2 telec Осы аптада Торпақтардың сабырлығы азайып, жұмыста да және жақын адамдарымен де жанжалдасуы ықтимал. Өзгелерге қатал болмай, түсіністікпен қараңыз, ашық болуға тырысыңыз. Сондай-ақ, жоспар құруды ұмытпаңыз, сол арқылы жұмыстарыңыз тезірек аяқталады.

 

Егіздер

3 blisОсы аптада Егіздер күнделікті өміріне өзгерістер енгізу үшін түрлі мүмкіндіктерді іздейді. Дегенмен, асығыс шешім қабылдамаңыз. Уақытты  отбасыңызбен көбірек өткізуге бөліңіз, оңаша қалып демалуды да ойластырыңыз. Бұл сізге жаңа жан толғанысын сыйлап, энергия деңгейін арттыруға көмектеседі.

  

 Шаян 

4 rak Рухани демалыс Шаяндар үшін ерекше көңіл-күй сыйлайды. Жұлдызнамашылар өзіңізге күтім жасап, өзін-өзі дамытуды, жаңа нәрсені үйренуді және жүрегіңіздің тазалығын бақылауды ұсынады.

 

Арыстан

5 leoОсы аптада Арыстандар күш пен ынта-жігерге толы болады. Өмірдің барлық саласында жетістікке жете аласыз. Алайда, басқалар сізді бағаламаса, мән бермей тек өзіңізге сеніңіз. Армандарыңыз бен алға қойған мақсаттарыңызға берік болыңыз.

 

Бикеш

6 virgin Осы аптада Бикештер үй шаруасына көбірек мән береді. Ас пісіру, тазалау, жайлылық жасау және аздап жөндеу жұмыстарына уақыт бөлесіз. Сонымен қатар, қонақ шақырып, олардың кеңестері мен әңгімелеріне қарық боласыз. 

 

Таразы

7 ves Жұлдызнамашылар Таразыларға қызу жұмыс аптасын болжайды. Арманға жету үшін тынымсыз еңбек ету керегін есте ұстаған жөн. Сондықтан, істеген ісіңізді жұмыста бағалап, мансабыңыз жоғарылауы мүмкін.

 

Сарышаян

8 scorp Сіздің ынта-жігеріңіз бен құлшынысыңыз жұмыс майданындағы барлық қиындықтарды жеңеді, ал жақсы көңіл-күйіңіз жаңа таныстыққа жетелейді. Дегенмен, қарқынды аптада демалып тұруды ұмытпаңыз. 

 

Мерген

9 sterАйналаңыздағы адамдардың көзайымына айналып, өміріңізге елеулі өзгерістер енгізетін беделді қауыммен танысуыңыз ықтимал. Ашық түсті киімдерді киіп, өзіңізге риза болып, жұлдызбын, - деп сезінуден қорықпаңыз.

 

Тауешкі

10 koze Тауешкілер «Бір қиындықтың артынан екі жақсылық күт» демекші, кез келген қиындыққа шыдаңыз. Жұмыс көп болуы мүмкін, сондықтан бәріне түсіністікпен қарағаныңыз абзал. Әр істің соңы, жемісті болатыны хақ.

 

Суқұйғыш

11 voda Суқұйғыштар осы аптада асықпаңыз, барлығына бірден қол жеткізбейсіз, кейде қалаған нәтижеге жетпес бұрын сізге бірнеше рет әрекет ету қажет. Туа біткен көрегенділігіңіз бен қайсар мінезіңіз арқылы жетістікке жетесіз. 

 

Балықтар

12 ryba Балықтар апта басын ой-өрісіңізді дамытуға, жеке тірліктерді шешуге, айналадағы дос-жарандарға да кеңес беруге арнайды. Демалыс күндері ұялы телефоныңызды, интернетті өшіріп, жан рахатына бөленіңіз, жақсылап демалып, бойыңызды сергітіп алғаныңыз жөн.