Наурыздың 20-ы мен 26-ы аралығына арналған жұлдыз жорамал
Жаңа апта: «Ел алғысын алсаң, Елеулісі боларсың». Жұлдыздардың келесі аптаға не дайындағанын бірге білейік.
Тоқты
Тоқтылар осы аптада тартымдылығыңыз бен тез тіл табысатын қасиетіңіз кез келген салада сізді жеңіске әкеледі. Мұны тиімді пайдаланып, адамдармен жақсы қарым-қатынас құралы ретінде қолданыңыз. Алайда, аптаның соңында өзіңізді басқа қырынан көргіңіз келеді. Жұлдызнамашылар көмек сұраған жақындарыңыз бен туыстарыңызға қамқор болуға кеңес береді.
Торпақ
Осы аптада Торпақтардың басты назарға түсетін тақырыбы романтика, махаббат пен некеге қатысты болмақ. Жақындарыңыздан жылулық пен қолдау сезінесіз. Жұлдызнамашылар келесі 7 күнде шығармашылық пен хоббиге көбірек уақыт бөлуге кеңес береді.
Егіздер
Егіздер осы аптада ренішті жүрекпен қабылдайтыныңыз қиындық тудыруы мүмкін. Жұздызнамашылар кез-келген жағдайға сабырлықпен қарап, эмоцияны тежеуге кеңес береді. Келесі 7 күнде туындайтын мәселелерді тез шешу үшін уақытыңызды ақылмен басқарып, жұмысты дұрыс жоспарлаңыз.
Шаян
Шаяндар сақ болыңыз, осы аптада айналаңыз сізді ашуландыруы мүмкін. Мүмкіндігінше даулардан аулақ болып, барлығына түсіністікпен қарауға тырысыңыз. Өзіңіздің сүйікті ісіңізбен және басқа да шығармашылық жұмыстармен айналысыңыз. Уақытты қызықты өткізіп, жайлы жағдай жасаңыз.
Арыстан
Осы аптада Арыстандар сынға шыдамайды, өзін жақсы танитын адамдарға қарсылық танытады. Бейбіт жолмен шешу үшін ұстанымыңыздан таюға тура келеді. Сондай-ақ, келесі 7 күн ішінде сізге қызықты жаңалықтар мен ұсыныстар ұсынады. Саяхат күтілуде.
Бикеш
Бикештер үшін бұл сәтті апта тосын сыйға толы болмақ. Сізді ұнататын адам сізге шабыт сыйлайды. Қызықтырған барлық сұраққа жауап табасыз.
Таразы
Осы аптада Таразылар болашақта оларға пайда әкеліп қана қоймай, құнды білім және тәжірибесімен бөлісетін адамды кездестіеді. Алайда, жақын туыстарыңызбен сөзге келіп қалуыңы мүмкін, сондықтан шыдамды болыңыз. Бұл жолы сізге мейірімділік пен жанашырлық көмектеседі.
Сарышаян
Сарышаяндар осы аптада ішкі түйсігіне емес, нақты мәліметтерге көбірек мән береді. Соның арқасында жұмыста жақсы нәтиже көрсетеді. Жұздызнамашылар үлкендермен сөйлескенде абай болуға кеңес береді.
Мерген
Осы аптада Мергендерге үйден жиі шығып, мүмкіндігінше кездесулерге барып тұрған жөн. Жаңа танысулармен қоса жаңа серіктестер табасыз, тиімді әріптестік болады. Дегенмен, күнделікті өмірге уақыт бөлуді ұмытпаңыз.
Тауешкі
Тауешкілер сезімтал, әрі қамқор адамдар. Осы аптада жанындағылармен ерекше байланысты сезінеді. Мейірімді боламын деп, опық жеп қалмаңыз. Жұлдызнамашылар энергияны көп жұмсамай, бекем болуға кеңес береді.
Суқұйғыш
Суқұйғыштардың көңіл күйі керемет, апта қуанышқа толы болмақ. Алайда, ойлаған жоспарларыңыздың барлығы бірден орындалмайды. Қалаған нәтижеге жету үшін уақытыңызды тиімді пайдалануға тырысыңыз.
Балықтар
Осы аптада Балықтар жаңа ақпаратты оңай қабылдап, көп мағлұмат жинап, күнделікті тапсырмаларды тезірек орындайсыз. Сезімталдығыңыз да жоғары болып, жақындарыңыздың көңіл-күйін бірден біліп, оларға көмек қолын созасыз. Жан-жақтан келген белгілер мен ескертулерге мән беруге тырысыңыз.