Наурыздың 27-і мен сәуірдің 2-сі аралығына арналған жұлдыз жорамал

Жаңа апта: «Көп жасаған не білер, Көп көрген сол білер». Жұлдыздардың келесі аптаға не дайындағанын бірге білейік.

 Тоқты

1 oven Бұл аптаның Тоқтылар үшін қарбаласы көп болмақ.  Аптаның басында әртүрлі жобалар мен тапсырмаларды орындайсыз. Егер өзіңізге сенімді болсаңыз, талпынысыңыз арқылы сәттілікке жетесіз, бірақ демалуды да ұмытпаңыз.

 

 Торпақ

2 telecОсы апта Торпақтарға табысты болады. Жұмыста мансапқа қол жеткізіп, армандарыңызды жүзеге асыратын жаңа мүмкіндіктерді табасыз. Материалдық әл-ауқат пен рухани даму арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз. Қандай  жетістік болмасын, қуануға тырысыңыз.

 

 Егіздер

3 blisЕгіздер үшін апта тыныш болады. Бұл уақытты шығармашылық дағдыларды дамыту мен жаңа адамдармен танысу үшін пайдаланыңыз. Сонымен қатар жақындарыңыз бен отбасыңызға уақыт бөлуді ұмытпаңыз.

 

 Шаян

4 rakБұл апта Шаяндар үшін өте эмоционалды болады. Сезімталдығыңыз артып, жақын адамдардан қолдау күтесіз. Жақсылап демалудың жолдарын табуға тырысыңыз, өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Жұздызнамашылар дұрыс қарым-қатынасты сақтау үшін басқа адамдармен ашық сөйлесіп, ойыңызды іште сақтамай, бөлісуді жөн деп есептейді.

 

 Арыстан

5 leoАрыстандар осы аптада өте белсенді болады. Сізге көптеген жаңа идея келіп, серіктестік жобалар жасайсыз. Өзіңіздің бірегейлігіңізді көрсетуге қорықпаңыз, бұл сізге табысты болуға көмектеседі. Әрине, демалуға уақыт бөлуді ұмытпаңыз және денсаулығыңызға мұқият болыңыз.

 

 Бикеш

6 virginБұл апта Бикештер үшін жұмысқа толы болмақ. Ұйымшыл болуға тырысыңыз және күйзеліске тап болмау үшін уақытыңызды ақылмен жоспарлаңыз. Сондай-ақ жұлдызнамашылар жұмыс пен демалыстың тепе-теңдігін табуға тырысып, күшіңізді дұрыс пайдалануға кеңес береді.

 

 Таразы

7 vesОсы аптада Таразылар уақытты жақсы өткізеді. Жеке кәсібі барларға таптырмас мүмкіндік туады. Жаңа таныстықтар мен жобаларға жол ашылады. Жұлдызнамашылар жақын адамдармен ренжіспей, кешіріммен қарап, жақсы қарым-қатынаста болуға кеңес береді.

 

 Сарышаян

8 scorpСарышаяндар апта басында қиналуы мүмкін. Басқа түскен қиындықтар көп көңіл мен энергияны талап етеді. Эмоцияларыңызды жақын адамдарыңызбен бөлісіп, көмек сұраудан қорықпаңыз, сонымен қатар айтылған кеңестеріне құлақ түріп, игілікке пайдалануға тырысыңыз.

 

 Мерген

9 sterОсы апта Мергендерге жемісті болуы мүмкін. Көптеген жаңа жобаға бет бұрып, жоспарлар құрасыз. Жұлдызнамашылар оптимист болуға және жаңа мүмкіндіктерді  іздеуден қорықпауға кеңес береді.

 

 Тауешкі

10 kozeБұл апта Тауешкілерді таң қалдырмайды. Күніңізді дұрыс жоспарлай білетіндігіңіз жұмыста сізге көмектеседі. Соңғы жобаларды аяқтаңыз, алайда жаңаларына көшуге асықпаңыз. Жұлдызнамашылар барлық шаруаны байыппен, сабырлықпен бастауға кеңес береді. 

 

 Суқұйғыш

11 vodaСуқұйғыштарға апта қызықты өтпек. Жаңа адамдармен танысып, жаңа тәжірибелер жинайсыз. Барлығына ашық болуға тырысыңыз. Жұлдызнамашылар ішкі түйсікті жиі пайдалануды ұсынады.

 

 Балықтар

12 rybaБалықтар, бұл апта жағымды эмоцияларға толы болмақ. Алайда күйзеліс пен мазасыздыққа қарамастан, барлық қиындақты жеңесіз. Өмірде үлкен жетістікке жету үшін шығармашылық  қасиетіңізді пайдаланыңыз.