Сәуірдің 3-і мен 9-ы аралығына арналған жұлдыз жорамал
Жаңа апта: «Ерлік білектен емес, жүректен». Жұлдыздардың келесі аптаға не дайындағанын бірге білейік.
Тоқты
Осы аптада Тоқтылар ел алдында, сондықтан қызғаншақ адамдарға тап болуыңыз мүмкін. Жаңа жоспарлар құрмас бұрын, алдыңғыларын аяқтап алған жөн. Жұлдызнамашылар тек сізді шабыттандыратын іспен айналысуға кеңес береді.
Торпақ
Торпақтар бағалы затты жоғалтуыңыз мүмкін. Алайда қамықпаңыз, орнына одан да жақсысын тарту етеді. Біраз уақыт жалғыздықта болғыңыз келсе, бұл ойды орындауға тырысыңыз. Сол арқылы ойыңыз жинақталып, күш жинайсыз.
Егіздер
Меркурий Егіздерге ерекше энергия сыйлайды, тіпті ең қорқынышты деген тапсырмалар оңай көрінеді. Басқа адамдар шеше алмайтын мәселелерді шешу жолдарын тауып, жұмыста беделіңіз өседі.
Шаян
Шаяндар ашық әрі адал адамдар, сондықтан осы аптада сізге ғана белгілі шындықты басқаларға айтпаған жөн. Апта тыныш өтеді. Сіз күнделікті жұмыстармен айналысып, қарапайым істерден ләззат аласыз.
Арыстан
Осы аптада Арыстандар ойымен бөлісіп, жақындарының көзқарасына көңілі толмайды, бірақ бұл арадағы достықты тоқтату керек дегенді білдірмейді. Керісінше әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді пайдаңызға асырыңыз. Ашуланбай, қызу пікірталастарда сабырлы болыңыз.
Бикеш
Осы аптада Меркурий Бикештердің мансап аймағаны әсер етеді, сондықтан армандарыңыздың тізімін жазып, барлық ойлаған ойыңыз орындалу мүмкін. Жұздызнамашылар даму үшін салаңыздың жақсы мамандарынан кеңес алып, бос уақытты тиімді пайдалануды ұсынады.
Таразы
Таразылар, нәтижеге жету үшін жылдың ең жақсы уақыттарының бірі келді. Дайынсыз ба? Осы аптада жалпы мақсатыңыз қандай болатынын және оған біртіндеп қалай жететініңізді нақты түсінуіңіз керек. Жұлдыздар жоспарыңызды бағалап, олардың орындалуына көмектеседі.
Сарышаян
Осы аптада Сарышаяндар әріптестер арасында жеке мақсаттарыңыз бен жұмыстағы жоспарларыңызбен бөліспеңіз. Қарсыластарыңыз кедергі келтіруі мүмкін. Достарыңызға да сенбеңіз, өйткені өміріңізге тек сіз ғана жауаптысыз. Олардың кеңестерінен қателік жасауыңыз мүмкін.
Мерген
Мергендер осы аптада өміріңіздің барлық саласында ақсап тұрған мәселелерді анықтап көріңіз. Туындаған мәселеге тез шешім табыңыз. Жақындарыңыздан көмек сұрауға қысылмаңыз. Бір бас - жақсы, екі бас - одан да жақсы демекші апта аяғында көп шаруа бітіресіз.
Тауешкі
Осы аптада адамдарды түсіну Тауешкілер үшін қиын болады. Сондықтан оларға түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытыңыз. Әр адамның ойын өзгерту мүмкін емес, тек оларды қабылдауды үйренуге тура келеді.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар, аптаның ортасына дейін жолыңыз болып, барлық іс қолыңыздан келеді. Алайда басқалардың жұмысын істеуге тартылмаңыз, бос уақытты өзіңізге арнаңыз. Жүрегіңізді тыңдап, тек қалаған іспен айналысыңыз.
Балықтар
Осы аптада Балықтардың адалдығы мен шынайылығы жұмыста жақсы нәтиже береді. Бәрі бірдей сіз сияқты ойламайды, ісіңізбен үлгі болуға тырысыңыз. Жұлдызнамашылар сізді жолдан тайдырғысы келетеін адамдардан абай болуға кеңес береді.